Жаңалықтар 

“Бәйтерек” зияткерлік мектебінің шәкірттері жеңіспен оралды

Германия елінде мектеп оқушылары өткен байқауға шымкенттік балалар да қатысты. Білім сайысы Михаил Ломоносовтың туғанына 300 жылдығына орай ұйымдастырылған “Берлиндегі Ломоносов күндері” деп аталды. 5 елдің ішінен топ жарып, өз білімін көрсете білген кішкентай жерлестеріміз “Бәйтерек” зияткерлік мектебінің шәкірттері болатын.

6 жасынан өлең жазатын Максим Беляков енді тың тақырыптарды да қамтып, қалам қозғаймын дейді. 6-шы сынып оқушысы неміс елінде “Михайл Ломоносов стиліндегі үздік ода” және “Ломоносовтан оқи отырып” деген шығармасы үшін 2 бірінші орынды жеңіп алды.

Анна Степаненко, “Бәйтерек” зияткерлік мектебінің директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары:
Балалардың жетістігіне дән ризамыз. Ресей, Латвия, Қырғызстан, Азербайжан, Германия елдерінің 30 оқушысы сынға түскен жарыста біз абыроймен өттік. Осы кезде Мәскеудің Берлиндегі күндері өтіп жатқан еді. Мадақтау өлеңдерін оқып, шығармаларымызды тексерді, орыс тілі, математика пәндерінен тестілер болды, жалпы сұрақтар да көп берілді. Байқаудан кейін мұражайларды аралап, германдық отбасылардың тіршілігімен таныстық. Балаларға қатты ұнады.

Халықаралық білім додасында Максиммен бірге барған 5-ші сынып оқушысы Дамил Абдусадық та математика пәнінен тест тапсырып, 2-ші орынға қол жеткізді. 30 сауалдық 29-ына ол дұрыс жауап берген. Ал Аружан Молдасейітова Квиз байқауына қатысты. Жалпы сауалдарға жауап берген команданың капитаны намыс туын алып жүрді.

Марина Потий,”Бәйтерек” Қазақстанның зияткерлік мектебінің директоры
“Бәйтерек” Қазақстанның зияткерлік мектебінің ұстаздары оқушыларды 2 бағытта: Мәскеуде бастауын алған Интеллект білім технологиясы бойынша және екіншісі пәндерді ағылшын тілінде үйретудегі доктор Ховардтың бағдарламасы бойынша оқытады. Биыл Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында балаларымыздың мұндай жеңіске жетуі – ұстаздар еңбегінің жемісі деп білеміз. Халықаралық жарыста оқушылар өздерін жоғарыдан көрсетсе, шетелдіктердң Қазақстан туралы ойы да солай қалыптасады. Ал Берлинде барлығы біздің елді мақтап, білім беру деңгейімізге таңырқанды. Бұл жоғары мәртебеге сай баға деуге болады.

Оқушылар мен ұстаздар бұл жетістігімен тоқтап қалмаймыз дейді. Ары қарай білімн тереңдете түспек. Теорияны тәжірибе жүзінде ары қарай нықтауға олар кірісіп те кетті

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz