Германияның Федералды президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді

41
фото Үкімет баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сапар аясында екі мемлекет басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қояды деп жоспарланған.Сонымен қатар Германия Федералды президенті Қазақстан және Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлеп, Қазақстан президентімен бірге қазақ-герман бизнес форумына қатысады деп күтілуде.

Мемлекеттік сапар аясында Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына барады. Онда Қазақстан-Германия инженерлік институтының ашылуына және Svevind швед-герман компаниясының жасыл сутегі өндіретін зауытында сынама бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсіміне қатысады.