Германияда Қазақстан экономикасы күні өтті

19
фото Хабар

Германияда Қазақстан экономикасы күні өтіп жатыр. Гамбургтегі форумда екі ел ынтымақтастығының әлеуеті талқыланды. Қатысушылар қатарында Гамбург сауда палатасының өкілдері, инвесторлар мен елдің үздік кәсіпкерлері бар.

Гамбург сауда палатасының пленарлық залында әлемнің ең мықты деген компания өкілдері «Қазақстан экономикасы күні» шарасына жиналды. Инвесторларды Қазақ елінде шетелдік кәсіпкерлер үшін жасалған мүмкіндіктер қызықтырады. Осы орайда біздің делегация бизнес, логистика, энергетика және өнеркәсіп әлеуетін таныстырды.

Гамбург Солтүстік Германияның экономикалық локомотиві және Еуропадағы үшінші ірі порт екенін ескерсек, логистика мен тасымалдау тақырыбы аса маңызды.Бүгінде Гамбургтің 160 компаниясы Қазақстанмен тығыз байланыс орнатқан.