ОҚ-дағы агроөнеркәсіп саласына да жүктеліп отыр. Сол арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет. Өңірдегі диқандарды мазалайтын мәселе — жердің тұздануы. Бұл үлкен проблемаға айналған. Осы мәселелер төңірегінде сала мамандары бүгін пікір алмасты.
ОҚ облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі жылдан жылға артып келеді. Биыл ол көрсеткіш 198 млрд. теңгенің құраған. Шын мәнінде, бұл облыстың ықтимал мүмкіндігінен төмен. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне жүгінсек,қазіргі таңда жерлерді тиімді пайдалану жәйі сын көтермейтін жағдайға жеткен. Жердің құнарлығын арттырып, ауыспалы егіс жүйесін игеру жұмыстарына жіті көңіл бөлінбей отыр.
Облыстағы ауыл шаруашылығы аймақтарының басым бөлігі егіншілікке тиімсіз. Дағдарыстың әсері , электр қуаты, минералды тыңайтқыштар, гербицидтердің, жана жағармай бағаларының өсуі және топырақтың құнарлығының төмендеуі, ылғал тапшылығы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру шығындарын арттырады. Бұл проблемаларды ірі шаруашылықтар шешпесе, ұсақ шаруа қожалықтарының оған шамасы жетпейді дейді диқандардың өзі.
Алымбек ЮЛДАШЕВ, Сайрам аудандағы «Алымбек» шаруа қожалығының төрағасы
Ұсақ шаруа қожалықтары бірігіп, іріленбесе, техниканы, тыңайтқыштарды және де өзге қажетті заттарды сатып алуға шамасы да қаржысы да жетпейді. Ал құжаттарды рәсімдеу, кепілдікке мүлікті қоюда проблемалар шаш етектен
Нарықтық қатынас жағдайы- егіншілік жүйесін ғылыми негізде жүргізуді талап етеді. Осы бағытта ғалымдарымыз шағын және орта шаруа қожалықтарына қысқа ротациялы ауыспалы егіс жүйесін ұсынып, нольдік агротехнологиялық жүйені игеруді қажет деп санайды.Нольдік технологияның негізгі мақсаты- топырақты өңдемей ауылшаруашылығы дақылдарын биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып, тереңдікке немесе тілініп өткен кесінді ізіне ендіріп, үстін топырақ үйіндімен жауып егу.