Көршілер көгілдір отынмен қарқ қылмай отыр

337
көгілдір отын тапшы болып отыр

Жылыту маусымы өз күрделіктерін Шымкентке ала келді. Өзбекстан Оңтүстік өңіріне табиғи газды босатуда шектеу қойған. Көгілдір отыннан көршілерге тәуелді екендігіміз қарашаның басында қатты байқалды. ҚазТрансГазАймақ АҚ-мен көгілдір отынды тарату ірі кәсіпорындарға қарашаның басында дейін мүлдем тоқтатылды. Ол тізімде тұрғындардың басым көпшілігін жылумен қамтып отырған «3-Энергоорталық» АҚ болды.

«3-Энергоорталық» бар қуатымен жұмыс істейтін болса, 60 мыңнан астам текше сағатына табиғи газды қажет етеді. Шектеулер 15 мың текшеге дейін жасалынды. Бізді шектеу орталыққа 10 мың текше газға дейін жасалсын деген өтініш жасады. Облыс әкімі газ шаруашылығының басшыларымен кездескен болатын. Оның нәтижесінде ірі кәсіпорындарды өшіру жөнінде кесте түзілді.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ өкілі Серікхан Уақасұлымен хабарласқанымызда, маман бүгінде газбен қамту мәселесінде күрделіктер жоқ екендігін мәлімдеді. Алайда , қарашаның 8-і мен 10 аралығында өңіріміздегі «Састөбе-цемент» ЖШС, «Шымкентцемент», «Мегатрейдинг» АҚ , «Химфарм», «Шымкентмай» толық газдан өшірілген екен. Ал өткен бейсенбіден оларға газ қайта берілуде.

Мамандар табиғи газбен қамтамасыз етуге қатысты мәселе үкіметтік деңгейде шешілетін мәселе дегенді алға тартуда.Көгілдір отын өзімізде жеткілікті болса, көршілерге алақанымызды жаймаған болар едік. Бар үмітіміз- Бейнеу газ желісі жобасы іске қосылса бұл тәуелділіктен арылатын шығармыз.