Белгілі қаламгер, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұтқа Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы атағы берілді. Айта кетейік, бұған дейін М.Байғұт Түлкібас ауданының, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті Азаматы атағын алған-ды. Шығыс Қазақстан облысында да жазушымыздың талантына табынған кәсіпкердің «Мархабат» деген дүкен ашқанынан хабарымыз бар. Өзіне тән қолтаңбасы бар, өз оқырмандарын таба білген қаламгерге қандай құрмет көрсетілсе де жарасады. Атағыңыз құтты болсын, Маха! Жазар көбейсін!
Айтпақшы, жақында ғана М.Байғұттың «Ақтолғай» атты жаңа кітабы жарық көрді. Онда қаламгердің мемлекеттік қызметте болған жылдарынан сыр