Жаңалықтар 

Сақтық — қауіпсіздік кепілі

23 қараша – Қазақстан Республикасы ІІМ жол полициясының күні

Біздің облыстағы жол сақшыларын полковник Артық Жаппаров басқарады. «Сақтық та қорлық жоқ» дегенді серік еткен бас жол полициясы әр күн сайын профилактикалық рейд жұмыстарын жүргізіп, уақыт пен санаспай жол тәртібін барынша сақтап отыр. Қызметіне санаулы айлар бұрын кіріссе де, атқарған ауқымды жұмыстары жетерлік.

Мойындау керек, жүргізушілердің жауапсыздығынан оқыс оқиғалар қаншама адамның өмірін қыршын қияды. БҰҰ-ның ақпаратына сәйкес әлем бойынша жылына 2 миллионға жуық адам жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмып, 20-50 миллионы жан түрлі дене жарақатын алады екен. Ал Қазақстанда 4300-ден астам адам жол апатының құрбаны болады. Қаза болғандарды еске алып, әрі жол қозғалысына қатысушылардың назарын аудару мақсатында елімізде 14-20 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» апталығы мен «Есіңе ал және ойлан» атты акциясы өтті.

Бұл акцияға біздің облыстың тәртіп сақшылары да белсенді қатысып, барын салды. Күн сайын әр түрлі іс-шара ұйымдасытырып, жұртшылыққа жолда жүру ережесін сақтауды, жол апаттарының алдын алуды тағы бір ескертті.Апталықтың соңғы күні Шымкент қаласындағы Тауке хан мен Республика даңғылы бойларында көлік құралдарының жүргізушілері үшін ынтымақтастық және қолдау белгісі ретінде автомобильдердің жырғы қосылып, «Қара толқын» акциясы — қара түсті көліктердің тізбегі көшелермен баяу жүріп өтіп, аспанға қара және ақ түсті шарлар ұшырылды. Жол полициясы бөліністерінің жеке құрамы жол көлік оқиғасынан қайтыс болғандардың жанұяларына көмек көрсету мақсатында бір күндік еңбек жалақысын аударды.

Акция өткізілген аралықта жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол берген — жалпы 1069 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 37 жүргізуші — автокөлікті масаң күйде жүргізген, 41 жүргізуші- ұялы телефон пайдаланған, 54 жүргізуші белгіленген жылдамдықты арттырған, 18-і қарсы жолға шықса, 146-сы тиісті құжатсыз көлікті басқарған. 226 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаса, 18-і реңі өзгертілген автокөлікті жүргізсе, қалған 529-ы басқадай әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Сонымен қатар, жол қауіпсіздік ережесін бұзған 92 көлік айыппұл автотұрағына жеткізілген.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz