Азаматтарды сақтандырудың аталмыш жүйесі жаңа жылдан бастап нарыққа енеді. Бұл міндетті қазақстандықтар үшін аннуитеттік компания жүзеге асырмақшы. Бұрынғымен салыстырғанда бұл құрылымның тиімділігі әлдеқайда жақсы дейді мамандар. Яғни, бұған дейін жұмыс беруші өз қызметкерін сақтандыруды аннуитеттік компаниялар арқылы жүргізсе, жаңа жылдан бастап азаматтар үшін төлем жүргізу мен сақтандыруды осы компанияның өзі-ақ атқармақшы. Бүгінгі таңда нарықта сақтандыру ісімен айналысатын 5 ұжым бар. Оның құрамындағы аннуитеттік ұжым ғана мемлекеттік статусқа ие.
Бастар Есқараев, ОҚО бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы:
«Сақтандырудың жаңа тәртібін енгізудің тиімділігі сол, бұрын азаматтарды сақтандырған компания қажетті қаржыны аннуитеттік компанияға аударуы тиіс болатын. Кейде ол ақшалар онда аударылмай, екі ортада реніштер туындап, жанжалдар болатын. Енді аннуитеттік компания азаматтарды өзі сақтандырып, өзі төлем жүргізе беретін болады. Мұның өз кезегінде жұмыстың ілгерілеуіне септігі мол.
Аннуитет -гректің «қорғау» мағынасын білдіреді. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның ОҚО бойынша филиалының директоры Сейсен Мырзатаев, осылайша, 31 қазан күні Шымкенттегі жұмыс берушілермен кездесіп, жаңалықтың өзге де қыр-сырын түсіндірді. Бұл күні жиынға сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мамандары қатысты. Айта өткен жөн, нарықта қазір әлеуметтік сақтандырудың бес түрі бар болса, соңғы бес жылда бұл жүйеге ниет білдіргендердің қатары 1,5 есеге өсіпті.