Семсерлесуден халықаралық жарыс Шымкентте басталды

232
ОҚО семсерлесу спортының шеберлері үздік танылды

Елімізге танымал маман Ольга Филинскаяны еске алуға арналған додаға Ресейден де спортшылар келген. Сондай ақ еліміздің өзге облыстарынан да семсерлесу спортының шеберлері бас жүлдені ниет еткен. Барлығы 240 спортшы.

Астаналық спортшылардың басты мақсаты ел чемпионатына дайындалу. Кішкентай Леня бұл жолы өзінен жасы үлкендермен семсерлесуде. Мықтылардың арасынан топ жару оңай болмауда дейді ол.

Леня, спортшы: «Енді қолымнан келгенін жасап жатырмын. Қазірдің өзінде алғашқы қарсыластарымнан басым түстім. Енді ел чемпионы атансам деймін.»

Ольга Фелинскаяны еске алуға арналған жарыста ұлдар арасында Жансерік Тұрлыбеков және Юра Бигарев алтыннан алқа тақса, қыздардың арасынан Татьяна Приходько және Ольга Королева үздік танылды. Сондай ақ командалық есепте ұлдар арасында қылышпен семсерлескен жерлестеріміз бірінші орыннан көрінді. Ал рапирада семсерлескен ұлдарымыз Өскеменнен кейінгі сатыда болса, қылышта тартысқа түскен шымкенттік бойжеткендер бірінші орыннан көрінді. Енді жерлестеріміз ел кубогі үшін таласта сынға түсетін болады.