Жаңалықтар 

Қаңтардың 20-нан соң оңтүстікте сең жүруі мүмкін

Көксарай суреттегішіне бүгіннің өзінде 300 миллион текшеметр су жиналған

Қазақстанның оңтүстігіне қар тасқыны қаңтар айының 20-нан бастап келуі мүмкін. Бұл туралы «Қазселденқорғау» ММ бастығы Тоқтарбек Баймолдаев мәлімдеді.

«Бүгінгі күні өңірімізге селден келер қауіп жоқ. Болжам бойынша, қаңтардың 20-нан соң қар көшкіні жүрмек. Бірақ қазіргі күні Көксарай суреттегіші тасқын режимінде жұмыс істеп тұр.

Арналарға су жіберу үшін Сырдариядан секундына 200 текшеметр су алып жатыр», — деді Т.Баймолдаев. Оның сөзінше, Көксарайға қазір 300 миллиондай су жиналған.

Биылғы қысты мамандар ылғалды болады деп болжап отыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Сырдария өзненінен Шардара су қоймасына секундына шамамен 1150 текшеметр су келіп жатыр. Шардара суқоймасына бүгіннің өзінде жартысынан көп су жинақталған. Онда қазір 3 миллиард текшеметр су бар.

Төтенше жағдай мамандары Сырдария өзенінің сағасына осы күнде ақ мұз қатып жатыр дейді. Дегенмен, әзірге жағдай қалыпты. Мұны ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бақылап отыр.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz