ҚР бірінші вице-премьерінің міндеттерін атқару индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевке жүктелді. Бұл туралы премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді.
«Өмірзақ Естайұлы «Самұрық-Қазынаға» ауысқандықтан, бізде міндеттер қайта бөлінеді. Мен мынадай шешім қабылдадым: оперативті басқару Исекешевке жүктеледі». «Алдағы мерекелер мен электоралды оқиғаларды ескере отырып, бізде штаб құрылады. Әсет Орынтайұлы, сізге осы күндері осында тұруға тура келеді. Облыстарда да жауаптыларды белгілеу керек», — деді үкімет басшысы.
Мемлекет басшысы айтқандай: ешқандай демалыс, іс сапар деген болмайды, бәрі жұмыс орындарында болуға тиіс», — деп еске салды ол.