19 желтоқсан күні, түнде «Шаян-Қазата-Ағыбет» автожолында 30 теміртұлпар қар кептелісіне тығылып қалған деп хабарлады Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі.
Құтқарушылар көлік ішіндегі 40 жолаушы мен жүргізушілерді жақын маңдағы Шаян мен Қазата елдімекендеріне жөнелтіп, уақытша баспана және ыстық тамақпен қамтыды.
Осы күні, мұнан бөлек, «Шаян-Алғабас-Шолаққорған» тасжолының бойында бұзылып қалған «Икарус» автобусының жолаушыларына да төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері көмек қолын созған.
Сөйтіп, бұрқасынға тап болған 50 жолаушы Алғабас ауылына жеткізіліп, қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Әбүйір болғаны, бұрқасын кептелісінен зардап шеккендер жоқ.