Ең қарт оқырман

480
карт окырман

«Оңтүстік Рабат» басылымының ең қарт оқырманы 91 жастағы Балбек Досымов.

Ол сұрапыл соғыс жылдарында Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысып, Отанын дұшпан қолына бермеген азамат. Балбек ата ұл-қызының ардақты әкесі, әулеттің батагөй қариясы. Оның бүгінде он немересі, жиырма шақты шөбересі бар. Қазыналы қарт ұрпағының білімді болғанын қалайды. Сол себепті үнемі ізденіп, кітап, газет-журналды оқығанды жөн көреді. Көзілдірік тақпай-ақ, газеттерді оқи беретін оқырманымыз «Оңтүстік Рабат» газетін немерелеріне іздеттіріп жүріп алдыртатын көрінеді.

Жақында редакциямызға арнайы келіп, келесі жылдың жарты жылдығына «Оңтүстік Рабат» газетін жаздыртты. Қасына немересін ертіп келген ақсақал, «мынау орыс тілінде жарық көретін «Рабатқа» да жазылайық дейді. Жазыла ғой, бірақ, ең алдымен маған «Оңтүстік Рабатты» жаздыртып бер» дедім дейді ақжарылып.

«Қоғамда болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден құр қалғым келмейді. Сендердің газеттерін оқиғаны, жаңалықты сол қалпында, боямасыз баяндайды. Биліктің де шотын шаппастан болған жәйтті болды, қатысты, көрді деп береді. Сонысы ұнайды маған…»- дейді.

Кеудесі медаль, орденге толы ата ғұмырының қырық бір жылын ұлағатты ұстаз болуға арнапты. Жастайынан тағдыр тәлкегін тартқан ол жеті жасында-ақ әке-шешесінен айрылып, өз күнін өзі көруге ұмтылған жан. Түркістандағы балалар үйінде тәрбиеленген Балбек Досымов

 «Біз көрген зұлмат заманды бүгінгі ұрпақ көрмесін. Шаңырағы биік, керегесі кең, тәуелсіз еліміздің тыныштығы бұзылмай, іргесі берік болсын! Жастар өз дінін, тілін құрметтеп, өзгеге күлкі болудан аулақ болсын! Біле білсеңдер, бейбіт өмір мен тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Осы үнемі жас ұрпаққа жеткізіп отыратын бұл басылымның жазары көп болсын! «- деп батасын берді.

Біз ең қарт оқырманымызға зор денсаулық, ұзақ өмір тілей отырып, оның батасын газетіміздің барша оқырманына арналды деп қабылдадық..