Көші қон медиа жүйесінің мүшелері жыл бойғы жұмысын қорытындылады. Атқарылған жұмыс аз емес. Дегенмен, еңбек мигранттары құқығының қорғалуы әлі де күрделі күйінде қалып отыр. Сондықтан оны қалың қауымға түсіндіру жағы аса қажет. Бұл тұрғыда бүгін БАҚ үшін арнайы кездесу болып өтті.
Еңбек мигранттары құқықтарының қорғалуы, қоғамдағы орын алған жайттардың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануы қандай? Ұлт арасындағы байланыс күрделенбесі үшін көші қон мәселесін қалай жеткізуіміз керек. Осы жайында ой толғап жүрген қаламгерлер, проблеманың басы қасында жүрген Үкіметтік емес ұйымдар, аталмыш саладағы мамандармен бірлесе мәселені талқылады. Орта Азия мемлекеттеріндегі көші қон мәселесі қаралып, жылдық жұмыстың қорытындысы жасалды.
Ресейге Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен еңбек мигранттары болып келушілер әлі де толастар емес. Осы орайда Лидия Графова еңбек мигарциясы жөнінде қалам ұштап жүргендерге мастер класс оқып, Наргис Азизова Әйелдердің ілгерілеуі жайында дәріс берді. Үй қызметі, шаруадағы әйелдердің құқығы әлі де қорғалмаған. Жұмыс беруші құжатын иемденіп алып, олардың емін-еркін жүруіне тыйым салады. Түрлі әлеуметтік көмектерге мигранттардың қолы жетпей жүргені тағы бар.
Бас қосу 2 күнге жалғасады. Еңбек миграциясы жөнінде мақалалар жазылып, бағаланады. Және » Қауіпсіз еңбек миграциясы» тақырыбында түсірілген фото байқаудың белсенділері марапатталмақ.