22 желтоқсан күні ҚР Президенті Жаңаөзеннің тұрғындарымен кездесті. Сөйтіп, ол жаппай тәртіпсіздік кезінде қирандыға айналған нысандарда болды деп хабарланған мемлекет басшысының ресми сайтында.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев Ақтаудың басшыларымен, қоғамдық белсенді өкілдермен және мұнай компанияларының еңбек ұжымымен кездесіп, жиналыс өткерген. Елбасы жиында Жаңаөзен қаласының мәртебесін көтеруде барлық шаралардың жасалатынын, сондай-ақ, қаладағы бұзылған әрбір ғимарат жақын арада жұмысын одан жалғастырып, жұмыстан қуылған жұмысшылардың мәселесі шешілетінін де қадап айтты.
Мұнан бөлек, ел Президенті облыс активіне олардың жаңа әкімі Бауыржан Мұхаммеджановты таныстырып, Маңғыстау бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаевтың осыған дейінгі жасаған жемісті жұмысына алғыс білдірді. Айта өткен жөн, Қ.Көшербаев Маңғыстау облысының әкімі болудан өз еркімен бас тартып отыр.
Сондай-ақ, осы күні «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ мен «Разведка добыча «ҚазМұнайГаз» АҚ-нда да кадрлық өзгерістер орын алды. Бірінші компанияның президенті болып Ләззәт Қиынов тағайындалса, екінші компанияның бас директоры болып Әлік Айдарбеков бекітілді.