Маңғыстау облысында жаңа мұнай кен орны табылды

115

Маңғыстау облысында Өзен кен орнынан жан-жақты барлау барысында жаңа мұнай кен орны табылды. Нәтижесінде, өндірілетін мұнай қорының өсімі 39,9 миллион тоннаны құрады. Көмірсутек қорының өсімі «ҚазМұнайГаз» компаниясының экономикалық көрсеткіштеріне елеулі әсер етеді, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» компаниясының ресми сайты.

2017 жылы геологтар тобы Өзен кен орнын жете барлаудың егжей-тегжейлі бағдарламасына бастамашы болған. Осы бағдарлама аясында 2017-2021 жылдары жоғары көрсеткішті сейсмобарлау 3D түсірілімі (368 шаршы км) жүргізілді, барлық ұңғыма қорына (7500-ден астам) қайта талдау жасалып, геологиялық тұжырымдама қайта қаралды және геологиялық 3D-үлгі қайта құрастырылды.