«КазТранс Газ» инспекторлары 6 айда табиғи газды ұрлаған 120 оқиғаны тіркеген. Шығынның жалпы көлемі 2 млн. теңгені құрап отыр. Газ құбырын заңсыз қосып алғандар Самал 1,2,3, Пахтакор, Азат шағынаудандарындағы жеке үйлер екен.
Өзіміз алуға мүмкіндік болса рұқсат сұраудың қажеті қанша деген кейбір тұрғындар газ құбырын өздері қосып алуда. Газ қызметкерлері кезекті тексеруде отын ұрлағандардың үстінен түскен.
Жеңісбек Әбілдәбеков, «КазТрансГаз Аймак»АҚ ОҚФ техинспекции бөлім бастығы
Көктемге дейін қызметкерлеріміз заңбұзғандармен күресіп келеді. Шара қолданып жатырмыз. Шара-барадан сварщиктерді әкеліп, қоса салушылар заңға сай жұмыс істеуі керек
Газ құбырларына заңсыз қосылғандар жаңа салынып жатқан мөлтекаудандарда болып шықты.Олардың көбі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар. Тегін газ пайдаланамын деп, қауіпсіздік шараларын ұмыт қалдыратыны тағы бар.
Газ қызметкерлері заңсыз деп тапқан тіркемелердің барлығы полицияға тапсырылды. Айыпты деп табылғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылып, «Казтрнасгазға» материалдық шығынын өтейді.