Дүбірлі додағы Шымкенттен тағы бір спортшы жол тартуы әбден мүмкін. Тірек қимылы зақымданған спортшылар арасында жерлесіміз Алина Михайлова сайысқа жолдаманы Әлем жарысында бір алтын бір күміс және бір қола медальға қол жеткізіп, алды.
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен бүкіләлемдік ойындар Біріккен Араб Әмірлігінде жалауын биікке көтерген болатын. Олимпиадаға жолдама үшін таласта 100 метрге жүзуде Алина жақсы нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Енді шымкенттік спортшы алдағы іріктеуден сүрінбей өтсе, Лондонда ептілік таныта алады.
Алина Михайлова, спортшы: «Менің алдымда әлі тағы іріктеу бар. Сүрінбей өтуге тырысамын. Ендігі мақсатым 100 метрге жүзуде көрсеткішімді 30 секундқа дейін қысқарту.»