«Сбербанк»АҚ Шымкент Филиалының директоры Марат Утемісов Ресей Федерациясының азаматы Шымкент қаласында тұратын Муслима Котлобулатоваға зейнетақысын алуға көмек беретін болды.
Естеріңізге салып өтейік, Муслима (Ресей Федерациясының азаматы) Шымкент қаласына 13-қыркүйек күні келген болатын. Туған туысқандарын табуға көп уақытын жоғалтып теміржол вокзалында түнеуге де мәжбүр болды. Кейін оны Шамшидин Башатов есімді азамат өз қамқорлығына алды.
Муслиманың тағдыры ғаламторда жарияланып, Красноярск қаласындағы әріптестеріміздің арқасында «Мы встретимся» атты бағдарламасының тілшілері анамен қызының кездесуін ұйымдастырды. Алайда, екі әйел тіл табыса алмады. Соңында Муслима туған жеріне қайтудан бас тартты. Өйткені ол жақта оған ешқандай қамқорлық жасалмайды екен.
Туған қызындай болып кеткен Венера Шакирова, Муслима Котлобулатованы қарттар үйіне өткізуден бас тартты. Ол жақта оған кім қарайды. Муслима анаға күтім керек дейді Венера.