Шардарадан «шортан» ауламақ болған екеу жоғалды

284
қайық табылды

Қазіргі уақытта Шардара суқоймасынан жоғалған екі балық аулаушы іздестірілуде.

Жоғалғандардың екеуі де Жиделі ауылының 27 және 24 жастағы тұрғындары екен. Олардың із-түссіз жоғалып кеткендігі туралы арыз 9-желтоқсан күні Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне түскен.

Полицейлер оқиға орнын тексеріп жатыр, бұл топқа суқұтқарушылар да келіп қосылды. Олар жерасты суларын тексеріп шықпақ.

Бізге айқын болғандай, олар суқоймасына балық аулау үшін келген екен. Құтқарушылардың пайымдауынша олардың бірі борттан құлап кеткен, ал екеіншісі соны құтқару мақсатында суға түскен болу керек дейді.

Балықшылардың қайығы табылғанымен, өздері әлі жоқ. Оларды іздестіру шарасы жалғасуда.