Шымкент қаласының бюджеті бекітілді

252

Қалалық мәслихаттың депутатары 2011 жылдың 61 соңғы сесияда бас қосып, 2012 жылғы бюджеттің жобасын мақұлдады. Талдау нәтежесі көрсеткендей келер жылдың өзіндік кірісі 2011 жылдың кірісімен салыстырғанда, 1194,7 млн. теңгеге артық. Келесі жылғы бюджеттің жобасы облыстық бюджеттен берілетін 9 миллиард теңгені қосқанда, 33 миллиард теңге болып қабылдынды.

2011 жылғы бюджет 28 миллиард 500 млн. теңге болатын. Оның 8 миллиарды облыстың үлесі болатын. Жасыратындығы жоқ, қабылданған бюджет республика және облыстан берілетін трансферттердің есебінен әлі бірнеше рет нақтылау мен өзгерістерге түседі. Міне, осы бюджетті мақұлдаған халық қалаулылары өз үсыныстарын да енгізді.

Алдағы жылдың бюджетінде үлкен серпілістің болатындығы даусыз. Ең бастысы қаламыздың бас жобасы бекітіліп, нақтылау жобалары да басталып кетті. Одан бөлек 1.5 мың гектар аумақты қамтитын жаңа қаланың жобасы басталды. Сессияның күн тәртібіндегі өзге мәселелер бойынша, сауда саттықа түсетін жер телімдерінің тізімі бекітілді. Жер қатынастары бөлімінің ұсынған 23 жер телімінің  бесеуі қысқартылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласында жануарларды күтіп ұстау қағидасы қаралды.