Бір түнде үш бірдей автокөлік тоналды. Бұл жолы қаскөйлерге тек мерседес қажет болған сияқты. Шымкент қаласынедағы Спортшылар шағын ауданындағы біршене ауланың тұрғындары таң атпастан әбігерге түсіп, полицейлерді шақырумен болды. Шұғыл шақырғанға келе қоятын полиция қызыметкерлері қайда?
Таңғы сағат 8 .оо де көмек сұрап бірнеше рет соғылған қоңырауға құқық қорғаушылар жетуге асықпады .
Байтұрсынов көшесінің бойындағы көпқабатты үй аулаларында көліктері тоналып зәбір көрген азаматардың мәлімдеуінше, мұндай оқиға жиі орын алатынға ұқсайды. Аулаларда арнайы тұрақтар қарастырылмаған. Ақылы болса да жарар еді дейді олар. Жасыратыны жоқ қала орталығында не тұрағы не балалар ойнайтын алаңшалары жоқ аулалар жетіп жатыр.
Үш сағат бойы күттіріп әзер жеткен құқық қорғаушылар зәбір көрушілерден түсініктеме алды. Енді іздестіреміз дейді сақшылар. Міне, тап осылай жұмысқа жүрдім-бардым қарайтын полицейлер қағаз жүзіндегі мәліметтерге қарағанда тірлікті тындырып жатқанға ұқсайды. ІІД қызметкерлері өткен тәулікте орын алған 18 қылмыстың 14-ін ашқан екен. Бұл тонау да өзге қылмыстар секілді көп ұзамай ашылар деген сенім мол.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=W3lyTzw2vQE[/youtube]