Жаңалықтар 

Жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) алуға кезек ұзын сонар

Қатталған құжаттарды қолтықтап жүруге әдеттенген қазақстандықтар жаңа жылдан бастап тек жеке сәйкестендіру нөмірімен ғана жүретін болады. 12 таңбалы сан зейнетақы секілді басқа да әлеуметтік төлемдерден салық төлеуге дейінгі барлық мемлекеттік төлемдердің кілті болмақ.

Сондықтан, халыққа қызмет көрсету орталықтарында ЖСН алуға кезек көбейіп тұр. Ал мұндағылар күні бойы ұзын-сонар кезек күтіп сарсылып сандалудың қажеті жоқ. Өйткені балаларға ЖСН жаңа жылдан кейін де, ешқандай айыппұлсыз беріледі деп түсіндіруде. ЖСН алуға құжаттарды тапсыру столдарының қатары көбейген. Бірақ, әрбір өтінішті қабылдау үшін кемінде 5 минут уақыт керек.

Екі ауысыммен жұмыс жасайтын операторлар құжаттарды тек кешкі алтыға дейін қабылдап, алтыдан кейін құжаттар сараланады. Бірақ кезек сирейтін түрі жоқ, адамдар сағаттап тұруға мәжбүр.

Қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы мобилді топтар құрылған. Бірақ бұл ақысыз болғанымен, инспектордың жолақысын төлеу қажет.

Жаңа жылдан бастап, халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильді топтарына автокөлік пен арнайы аппаратр берілмек.

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "Жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) алуға кезек ұзын сонар"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

ЦОН-да ине шаншар жер жок, кызметкерлери улгермей жатыр

wpDiscuz