Түркістанда қарулы қақтығыс орын алды

284
Түркістандағы шабуыл

Қылмыстық топ тәртіп сақшыларына қарсы оқ жаудырған. Бірақ, арнайы шұғыл операцияға дайындықпен барған жасақ, қарсылық көрсеткен топты тез арада құрықтап үлгерді.

Қылмыскерлерді ұстау кезінде тәртіп сақшыларына қарсы оқ атылды. 21-қаңтар күні полицейлер Түркістан қаласындағы үйлердің бірін қоршауға алған. Шұғыл шара барысында үй ішіндегі азаматтар осылайша қарсылық көрсеткен. Дегенмен, ІІД-нің жедел қимыл арнайы жасағы қызметкерлері шұғыл шараны адам шығынынсыз аяқтады.

Серік Шалқаров, Түркістан ҚІІБ-нің бастығы: «Олардың үйлерін тінту жүргізгенімізде бірнеше оқтары бар қару жарақтар табылды. Қазіргі таңда 3 ұсталған абақтыға жабылды».

тәркіленген қару жарақ

Қылмыстық топтың бір мүшесі алдын қарақшылық жасағаны үшін сотты болған. Ұсталғандардан бір емес, бірнеше маркалы суық қарулары тәркіленді. Негізі олар сол күні жоспар құрып бас қосқан. Тергеу барысында сезіктінің бірі жиынның себебін айтып өтті. Қармаққа ілінгендердің үшеуі де Түркістан қаласының азаматтары.

Ұсталған: «Балалар жабылып ұрып кете ме деп ойладым Тиіссе ататін едім».

Құқық қорғаушыларға қарсы атылған оқтардың гилзалары айғақтық зат ретінде тәркіленді. Қарсылық көрсеткен қылмыскерлер полицейлердің өміріне қауіп төндірді. Осыған орай, қазір ұсталғандардың үстінен ҚР қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.