Жылы сөз-өмір сүруге құштар етеді

319
ойыншықтар берілді

Жылы сөз-өмір сүруге құштар етеді

Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік сауықтыру орталығына Қазақстанның жастар ақпараттық қызметінің өкілдері қонаққа келді. Олар ата-анасының қарауынсыз қалған балдырғандарға құттықтау қағазын жасаудың неше түрін үйретті.

Абдул Нұржанұлы, орталықтың тәрбиеленушісі: «Бүгін бізге аға-әпкелеріміз келіп, құттықтау қағаздарын жасауды үйретті. Жүрек арқылы зөіңінің жақсы көретін жаныңа жылулық сыйлау дегеннің не екеніні үйретті. Мен бұл сыйлығымды бізге тәрбие беріп, қарап жатқан апайларыма беремін».

Жылы сөз-өмір сүруге құштар етеді

Бұл арқылы олардың бойын жақсылыққа баулып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін оятпақ. Жылы сөздер мен көмкерілген жүрекшелер арқылы сыйластықты арттыруды үйретуге келген жастар, балақайларға құр қол келмепті. Олар өздері арнайы жинаған ойыншықтар мен кітаптарын үлестіріп, орталықтағы тәрбиеленушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.