Заңсыз дискілер тәркіленді

Дисктер

«Shine Stars Production» ЖШС-нің продюсері Баян Есентаеваның арызына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан Әділет Департаменті мен құқық қорғау органдары бірігіп авторлық құқықтарды қорғау мақсатында тексеру жұмыстар жүргізілді.

Рейдтік шараларының нәтижесінде Арыс пен Шымкент қалаларында 2011 жылдың желтоқсан айында ғана тұсауы кесілген «Ғашық жүрек-2 немесе Коктель для звезды» атты филімдердің заңсыз көшірілген дискілер тәркіленді.