Полицей кейпіне енген қылмыскерлер қарттардың үйіне ұрлыққа түскен

шабуыл жасалған зейнеткерлерге

Бір емес, екі бірдей осындай ұқсас оқиға Шымкент қаласындағы «Жаңаталап» елдімекенінде орын алған. Зейнеткерлер мұндай жәйттен кейін үрейі қашып, баукеспелердің құрбанына айналамыз ба деп қорқады.

Өздерін полиция қызметркеріміз деп таныстырған қонақтар Александр Линовтың үйіне 25-желтоқсан күні кешке келген. Олар төлқұжатты тексеруге келгендерін айтып, қариядан құжаттарын сұраған.

Құжаттарын көрсеткен соң қария келгендерге қонақжайылық танытып дастарханын жаяды. Әлгілер терезеге қараумен болады. Бұдан соң, күтпеген тұстан олар үй иесіне шабуыл жасайды.

Қария осылайша бір сәтте жиған-тергенінен айрылды. Ал сол күні қойдың терісін жамылған қасқырлар кешкісін тағы құрбанын тауып үлгерді. Полицеймін деп өздерін таныстарған олар ақшасын алмақ ниетпен 72 жастағы зейнеткерді тұншықтырмақ болады.

Көршіге анасының жұмсауымен келген 9 жастағы бала оқиғаға куә болады. Оны көрген полицейсымақтар не істерін білмей қалады. Бүгінгі күнге дейін жайбарат өмір сүріп келген тұрғындардың осы оқиғалардан кейін үйден шығуға қорқып қалған.

Зейнеткерлер өздерін алдап соққандарды түр сипатын жақсы біледі. Сондықтан күдіктілер қолға түскен жағдайды оларды танып блу қиынға соқпайды.