Полиция қызметкерлері 2011 жылы 470 кг есірткі тәркілеген

Жыл бойына атқарылған жүмыстар нәтижеленді

Полиция қызметкерлері өткен жылы Қазақстанға есірткі заттарды жеткізіп отырған 4 нүктенің көзін жойды. Ішкі істер департаментінде бар деректер бойынша есірткі заттарды қолданып және оны таратуға қатысты 170 қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар, полиция 13 есірткі заттың  айналымға түсуіне қатысы бар ұйымдасқан 5 топты құрықтады. Топтың барлық мүшелері қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Соның нәтижесінде темір тордың ар жағына 69 азамат тоғытылды.

Ең ірі көлемдегі героиды тәркілеу өткен жылдың басында тіркелген болатын. 28 ақпанда Сайрам ауданына қарасты Жібек жолы аулына жақын аймақта ОҚО ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері мен арнайы жасақталған «Арлан» әскери жасағы жоспарланған операция кезінде «ВАЗ 2106» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлікте жергілікті тұрғын мен Өзбекстан азаматы болған. Тексеру кезінде скотч жапсырылған 3 қалтада героин табылған.