Шымкент қалалық мәслихатының 28.10 2011 жылғы Біржолғы толондар құны туралы шешіміне Әл Фараби аудандық прокуратурасы наразылық білдірген. Прокуратура қызыметкерлері қала базарларына хронеметраж жасаған қалалық салық комитеті Шымкент қаласындағы барлық базарларды қамтымаған дейді. Бар болғаны 6 базар сарапталған. Ал қаладағы базарларды жағдай әр алуан деген дәлелдерін келтірді.
Алайда 6 базарға хронеметраж жасаған қалалық салық комитеті прокуратурамен келіспейтіндіктерін ашық айтты. Олар өз әрекетерін дұрыс және заң шеңберінде жүргіздік деген ойда. Соңғы рет базарлардағы біржолғы талонның құны 2007 жылы көтерілді деген салықшылар базардағы еттің бағасынен мысал келтірді. 2007 жылы ет 600 теңге. Бүгінде 2000 мың теңге дейді олар. Қалалық мәслихатттың шешімін тіркеген әділет басқармасы да өз жұмыстарын заң шеңберінде жасағандықтарын жайып салды.
Қорыта айтқанда үш жақты бір келісімге келтіру үшін қалалық мәслихат 15 күнге үзіліс алып арнайы комиссия құратын болды. Барлық базарлардың жағдайы толық қанды тексеріліп біткеннен кейін ғана біржолғы талонның құны туралы шешім қабылданады.