Құжатсыз көлік жүргізгендер құрықталды

236

Автожүргізушілердің көпшілігі өздерімен бірге қажетті құжаттарын алып жүрмейді. Шымкент қ.ІІБ жүргізген рейд барысында бірқатар заңсыздықтар анықталды. Рейд  басталмас алдын Шымкент қ. ІІБ бастығының өзі бас болып барлық құрам түгел жинақталды.

Жол полицейлері мен патрульді құрам, аудандық бөлімдердің инспекторлары рейдке қатыстырылды. Рейд жұмысы қызу өтті. Бірнеше сағатттың өзінде 50 хаттама толтырылды. Барлық  ереже бұзған автожүргізушілерге айыптары түсіндірілді.

Рейд барысында 49 заңбұзушылық анықталып, 2 жүргізушінің спиртті ішімдік ішіп рульге отырғаны мәлім болды. Басым бөлігінің құжаттары болған жоқ.  Мәселен, «БМВ» автокөлігін мінген жүргізуші жарақаттағыш пистолетін құжатсыз алып жүрген. Ол мұны қарудың құжаттары үйде қалып кетті деп түсіндірді. Құжатсыз көлік ішінде қару ұстағанға қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді.  Мұндай рейдтер мұндай заңбұзушылықтардың алдын алуға септігі мол дейді полицейлер.

Төлеген Доланов, Шымкент қ. ІІБ бастығы: «Көптеген авткөлік жүргізушілері  құжаттарсыз рульге отырып, масаң күйде көлік айдайды. Осындай ереже бұзушылықтардың алдын алу үшін осындай рейдтерді өткізіп тұрамыз. 25 көлік арнайы тұраққа алынды.»  Рейдтің  барысында бас-аяғы 35 машина тұраққа әкетілді.