Қазақ өнерінің жанашыры Мұсабек Жарқынбековті еске алу кеші өтті

454

Қобызшы, ұстаз, қазақ өнерінің жанашыры Мұсабек Жарқынбековті жұртшылығы ұмытпайды. Кезінде өзі басқарған өнер ұжымы Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияда бүгін шығармашылық иесін еске алу кеші өтті. Оған Жарқынбековтың жақындары, өнердегі, өмірдегі достары, шәкірттері қатысты.

Бұл Мұсабек Жарқынбековтың ұрпағына қалдырған бағаланбас сыйларының бірі. Көзі тірісінде осы Сүгір атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің құрылуына ықпал етіп қазақ өнеріне жанашырлық жасаған еді дирижер. Бүгінгі таңда оркестрдің репертуары бай, орындаушылық шеберлігі жоғары. Ұлтымыздың үздік шығармалары мен әйгілі классиктердің туындыларын биік дәрежеде орындай алады.

Мұсабек Жарқынбековтің оркестрден бөлек қалдырғаны көп. Қорқыттың шығармашылығын зерттеп, Елім-ай монографиясын шығарды. Зертеуші ғалым ретінде 100-ден аса ғылыми жұмыстар, оқулықтар жазды. Көне аспаптарды жинаып, тарихын саралады. Сол аспаптардың бәрінде ойнай алатын еді дирижер.

Бүгін жерлестері оның дирижерлік еткен шығармаларының дауысын, жүріп өткен сара жолы тек фильмнен ғана көрді, естіді. Оның жарқын бейнесі кейінгі ұрпағына қалдырған еңбектері арқылы мәңгілік сақталары сөзсіз.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Adu7amMt_1Y&list=UUfxVhVdN9E8mkrN50DjJYFg&index=6&feature=plpp_video[/youtube]