Ақпан айында топ жарған оңтүстік саңлақтарын спорт тізгінін ұстаған ағалар арнайы құттықтап өтті. Басты жаңалық, Елена Шалыгинаның Азия Чемпионатында топ жарғаны.
Сондай-ақ, Ержан Дүйсенбеков та аталған жарыстың қола жүлдегері бола білді. Жерлесімізге бапкерлер үлкен үміт артып отыр. Бокстан Жайна Шекербекова да епті екенін байқатып, ел чемпионатында бірінші орыннан көрінді. Жас дзюдошыларымыз да оңтүстіктің жүлде қорын алтын медальдармен толықтырды.
Ақпан айындағы көрсетілген нәтижелер:
Дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында ҚР Біріншілігі:
46 келі салмақта: Ғалымжан Төлепбай — алтын медаль
55 келі салмақта: Ахан Шахабай — алтын медаль
66 келі салмақта: Дидар Хамза — алтын медаль
Дзюдо күресінен жастар арасында ҚР чемпионаты:
90 келі салмақта: Есен Самат — алтын медаль
44 келі салмақта: Балнұр Аппазова — алтын медаль
Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында ҚР Біріншілігі:
51 келі салмақта: Қасымхан Төленбай — алтын медаль
57 келі салмақта: Дәулет Қасымбекұлы — алтын медаль
Бокстан қыздар арасында ҚР біріншілігі:
51 келі салмақта: Жайна Шекербекова — алтын медаль
60 келі салмақта: Мадина Нұршаева — алтын медаль
Еркін күресінен жасөпірімдер арасында ҚР біріншілігі:
54 келі салмақта: Бауыржан Төребекұлы — алтын медаль
85 келі салмақта: Бақдаулет Әлментай — алтын медаль
100 келі салмақта: Ерболат Дүйсенов — алтын медаль
Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында ҚР біріншілігі:
46 келі салмақта: Нұрболат Налтенов — алтын медаль
85 келі салмақта: Бақдаулет Еспенбетов — алтын медаль
Еркін күрестен Азия чемпионаты
67 келі салмақта: Елена Шалыгина — алтын медаль