«ЕРАЛАШ» қазақша сөйлейді

Нұрлан Еспанов
Нұрлан Еспанов
Нұрлан Еспанов

Нұрлан Еспанов «ЕРАЛАШ» бағдарламасының казақша нұсқасын түсіріп болды.

Әнші, сазгер, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, тележүргізуші, продюсер Нұрлан Еспанов енді балаларға арнап «ЕРАЛАШ» бағдарламасының казақша нұсқасы ретінде «КУЛДіРГЕН МЕН БУЛДіРГЕН» атты фильмін тусіріп болды. Бұл қысқа метражды фильмдер балалар арасында көптеп орын алатын қызықты оқиғаларға толы екен.

Нұрлан Еспановтың шығармашылық жаңалықтарына келер болсақ. Әнші жақында орысша және қазақ тілінде екі ән жаздырған. Жақында осы жаңа екі әнге бейне клип түсірмек екен.

Нұрлан Еспанов, әнші: «Мен балаларға арнап алғаш рет бағдарлама жарыққа шығармақпын. Өйткені, біздің елімізде кішкентайларға арналған фильмдер жоқтың қасы. Олардың алдымен көңілдерін көтеріп, сонымен бірге тәрбиелік мәні бар осындай филімдер көрсе, пайдасы тиер деген үмітім болды. Ал жеке шығармашылығыма келер болсақ, жаңалық жетеді. Қазір жас әншілерге көмек қолын созу мақсатындада қарқынды түрде жұмыстар жасап жатқан жағдайым бар. Сонымен бірге өткенде бір қалаға барғанымда Нұрлан аға неге сізде орыс тілінде әндеріңіз жоқ? дегенде сауалдар болды. Міне осы ұсыныстарды ескере отырып нәтиже шығардық. Жаңа бағдарламаларды да жарыққа шығарудамыз. Жақында отандық телеарналардың бірінде өнер жұлдыздары жайында шоу бағдарламаны жүргізіп жатырмын. Осылайша талмай қыбырлаған қыр асады деп жұмыстар жасап жатқан жағдайым бар».

Егер сәтін салса, Нұрлан Еспанов өзі туып өскен қаласы Арыста жеке шығармашылық кешін бермек. Ол кештің қай күні өтетіні әзірге белгісіз.