Ескерткіш монеталар айналысқа шықты

461

ҚР Ұлттық банкі ағымдағы жылдың 7-ші қаңтарынан бастап Д.Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына орай күмістен жасалған номиналы 500 теңгелік және нейзильбер қоспасынан жасалған номиналы 50 теңгелік ескерткіш монеталарды айналысқа шығарды. Күміс монетаның нысаны сегіз қырлы. Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Массасы 31,1 грамды құрайды. Диаметрі 38,61 мм. Таралымы 5 мың дана.

Айнұр Қалжанова, аға сарапшы кассир: «Монетаның бет жағында ҚР ел таңбасы бейнеленген. Ал төменгі жағында оның құны. Оның оң жағында қай пробадан жасалғаны, монетаның грамы жазылған».

Номиналы 500 және 50 теңгелік ескерткіш монеталар ҚР бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдауға міндетті. Сондай-ақ барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Бердіқұл Ибрагимов, сатып алушы: «Бұл монета біз үшін қымбат монета деп есептеледі. Д. Қонаев біздің осындай дәрежеге жетуімізге  кезінді союз кезінде үлкен үлес қосқан, ғылыми оқыған, Қазақстанның ақылды академигі, ел басқарған ағамыз еді».

Монеталарды ҚР ҰБ барлық филалдарында, Алматы қаласында сатып алуға болады.