Каратэ-до шотоканнан оңтүстік спортшылары алда келеді

285
Ел чемпиондары Шымкентте жиналды

Каратэ-до шотокан бойынша турнир Шым қалада жалауын көтерді. Өйткені оңтүстіктің жеткіншектері каратэнің осы түрінен шебер таныла білген. Қазақстанның 400-ден аса жас спортшысы ел чемпионы атану үшін өзара таласқа түсті. «Томирис» клубының шәкірттері бұл республикалық сында бас жүлдені еншілеуді көздейді.

 Гүлнар Төлегенова, жаттықтырушы: «Біздің команданың басым бөлігі кішкентай спортшылар. 10-11 жастағылар. шәкірттерім өзін жақсы көрсетіп, үмітімді ақтайда деп сенемін. Жақында ғана 5 спортшымыз Әлем кубогі үшін таласқа түсіп, бесеуі де медальмен оралды».

Жас та болса жеңіс тұғырына көтеріле білген 8 жастағы Эмма Клугман қазірдің өзінде Қазақстанның чемпионы. өз жас ерекшелігінде каратэ-до шотокан бойынша №1 бола білген Эмма бұл жолы да басымдылық танытсам дейді.

Эмма Клугман: «Мен бұл жерге бірінші рет келуім. Осыған дейін Алматыда сыға түсіп, бірнеше рет жүлделі болдым. Алтын медальдарым да бар».

Республикалық турнирде топ жара білгендер спорт шебері деген атаққа ие болады. Ол дегеніміз жеңімпаздар Әлем чемпионатында сынға түсе алады. Байрақты дода үстіміздегі жылдың қараша айында Сиднейде өтеді.