ОҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы заңсыздықтарды анықтады

504

Оңтүстіктің қоршаған ортаны қорғау саласында экологтармен қоса, ОҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы да өз үлесін қосуда. Өткен жылдың өзінде бірқатар заңбұзушылық фактілері анықталып, мемлекет пайдасына қомақты көлемде айыппұл төленген.

Мәселен, бүкіл әлем көз тіккен ірі жоба-«Батыс-Еуропа-Батыс Қытай» автобан құрылысындағы жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар мен «Шымкентцеметтің» ауаны  ластауы сынды айтарлықтай фактілер анықталған.

Өткен жылы 168 табиғат пайдаланушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 27 миллион теңге прокурорлардың талап-арызы бойынша мемлекет пайдасына өндірілген.

«Жыл бойында 67 тексеру жүргізіліп, 480 заңбұзушылық анықталған. Осы заңбұзушылықтар негізінде 50 мемлекеттік мекемеге ұсыныс жіберілген.Бұл ұсыныстар негізінде 80 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 22 азамат материалдық жауапкершілікке, 2 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған,»-дейді ОҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Жанболат Туғанбаев.