Оңтүстікте қылмыспен күресуге 2 миллиард теңге бөлінді

232
Асқар Оспанов, ІІД-нің бастығы

Облысымызда қылмыс 90 пайызға өскен, бұл туралы жылдық есеп берген ІІД-нің бастығы Асқар Оспанов журналистерге мәлімдеді. Мұндай өсім көрсеткіші адам өлімі, қарақшылық, ұрлық қылмыстары бойынша да алда.

2011 жылы әртүрлі жағдайда 113 адам өлімі тіркелген (2010 ж. -116), қарақшылық -374 (өсім 120 пайзды көрсетіп отыр). Біреудің мүлкін ұрлау қылмысының саны – 9411. Былтыр Оңтүстік Қазақстанда 16742 қылмыс тіркелген. Яғни, орта есеппен алғанда 10 мың тұрғыннң 65 қылмысқа барған. Сондықтан болар, біз республика бойынша 4-5 орын межесіне шығып барамыз, әрине, қылмыс өсімі бойынша.

Қылмыспен күресу үшін бір емес, бірнеше шаралар қолданылып келеді. Көбінесе, мектеп инспекторларының жетіспеушілігіне көңіл бөлініп келеді. Осы жылы әр мектептің өзінің мектеп инспекторы болады. Сондай-ақ, патрульдік полиция қатарына 110 үміткер алынбақ.

2012 жылы облыстық бюджеттен ішкі істер департаментіне 2 миллиард теңге бөлінген. Оспанов мырза бұл қаржының қайда жұмсалатындығын айтты. Сонымен, 53 миллион «Тодес» құрылғысын әкелуге жұмсалады екен. Бұл заманауи техника криминалистердің жұмысын жеңілдету үшін керек. Сондай-ақ шұғыл-криминалистер басқармасына жылжымалы комплекс алынатын көрінеді. Ал оның бағасы – 23 миллион теңге.

623 миллион ішкі істер дапертаментінің автокөлігін жаңартуға жұмсалады. Сонымен бірге, «Паз» автобустары алынып, алдағы уақытта жылжымалы пунктердің жұмысын ұлғайтпақ. Олар кешкі уақытта кезекшілік ететін болады. Бюджет қаржысының бір бөлігі «Арлан» жасағын жаңартуға кетеді екен.

Ішкі істер министрлігі Мақтарал, Сарыағаш, Түркістан қалаларынан арнайы отряд жасақталмақ. Дәл осы аудандарда құжатсыз және таныс емес мигранттар үшін арнайы құрылғы жұмыс істемек.

Әңгіменің түйінін түйген Асқар Оспанов биыл бірқатар полиция бекеттерінің (опорный пункт) құрылысы басталатынын айтты. Осындай 82 нысанның басым бөлігі ауылдық жерлерді тұрғызылуын қадағаламақ.