Шекара арқылы заңсыз өткізілмек болған 2 автокөлік ұсталған

185

ОҚО контрабандаға қарсы күрес басқармасы мен Бауыржан Қонысбаев кеден бекетінің қызметкерлері рейдтік тексеру жүргізді. Нәтижесінде еліміздің кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілмек болған «Тайота Лэнд Крузер» мен «Мерседес Е» автокөлігі ұсталды. Ұрланған көліктер іздеуде болған екен.

2009 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі ресейлік Тайота Ландкрузер 200 маркалы темір тұлпар кеден шекаарасы арқылы жалған құжаттар көмегімен тасымалданбақ болған жерінде ұсталды. Автокөліктің иесі Ресей азаматы, ал оны айдап келген Тәжікстандық болып шықты. Ол Тәжікстанға автокөлікті ақыға жеткізіп бергісі келгендігін айтқан.

Баян Жармұханбетова, ОҚО Кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы: «Бұл автокөлікке қатысты жүргізілген тергеуге дейінгі тексерулер нәтижесі мен Ресей Федерациясының кеден қызметі, Германияның криминалдық полициясы мен ҚР ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросынан келген жауаптарға сәйкес аталмыш автокөліктің Ресей Федерациясы аумағында айдап әкелгені анықталды».

Тәжікстанға жалған құжаттармен тасымалданбақ болған Ландкрузердің құны 80 мың доллардың шамасын құрады. Қолдағы деректер бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Осыған ұқсас жағдай ақпан айының алғашқы күнінде де орын алған екен. үш жыл бұрын шығарылған су жаңа Мерседес Е көлігі Германия елінің аумағынан айдап әкетілген екен.

60 мың ақш долларының Мерседес бенці Балтық жағалауындағы елден сатып алынған. Украйна азаматы автокөліктің бұрын айдап әкетілгендігі жөнінде білмегендігін айтқан.Сот тауартанушының сараптаманың қорытындысы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөліктер иелеріне қайтарылады, егер сақтандыру қаражаты төленген болса, теміртұлпарлар сақтандыру компанияларына тапсырылады.