Шымкент қаласы әкімінің жылдық жұмысы оң бағаланды

277

Өткен жылғы кездесу барысында қала әкіміне жергілікті тұрғындардан 95 ұсыныс пен сауал келіп түскен. Атап айтқанда қаладағы орталық көшелердің ішкі орамдық жағыдайы туралы көрсетілетін коммуналдық қызметтің сапасы, жекелеген елді мекендерді газбен, ауызсумен қамтамасыз ету, қоғамдық көліктерді жақсарту балабақша мен мектептердің санын көбейту болған.

Артта қалған бір жылда осы тілектердің басым бөлігі шешімін тапқан және тауып та келеді. Оны жиынға келгендер бір емес, бірнеше мәрте қайталап өтті. Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебіне Нұр Отандықтар да,  қарапайым халық та оң бағаларын берді. Дей тұра көкейдегі ойларын да ортаға салды .

2010 жылдың бюджеті 40,6 млрд. теңгені құрап қыруар тірлік жасалғандығы туралы баяндама жасаған қала әкімі Арман Шәріпбайұлы 2011 жылдың бюджеті 53,2 млрд. болды. Ал 2012 жылдың бюджеті одан да жоғары. Олай болса, атқарылатын жұмыстар да қыруар деді. Басты бағыт «жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы, Тұрғын үй құрылысын дамыту болмақ.

1.30 сағатқа созылған жиын барысында тұрғындардан келіп түскен жазбаша және ауызша сауалдарға жауап берген қала әкімі уақытты талап ететін сауалдарға БАҚ арқылы жауап беруге уәде етті. Алда Шымкент қаласының басшысы Әл Фараби және Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесетін болады.