Шымкентте жаңа жерасты өткелі салынады

268

Қаламызда бұған дейін 6 жерасты өткелі халыққа қызмет етіп келген еді. Үстіміздегі жылы көліктер мен жұрт көп шоғырланған орын Темірлан тас жолының бойындағы «Бекжан» базарының жанында жаңа жерасты өткелін салу жоспарланып отыр.

Шымкент қалалық Тұрғын Үй Коммуналды Шаруашылық Жолаушылар Көлігі және Автомобиль жолдары бөлімінің мамандары құрылыс жүргізілетін жер телімінің құжаттарын рәсімдеп бітті. Енді құрылысқа қажетті 73 млн. теңгенің бюджеттен бөлінуі қалды.

Қаражат жағынан жерүсті өткелінің тиімділігі мол. Дегенмен, Байтұрсынов көшесінің бойындағы өткелді бірнеше уақыт зерттеген мамандар көпшілік жерүсті өткелінен жерасты өткелін көбірек пайдаланады екен. Сол себепті артық шығынға қарамастан жер асты өткелін салу тиімді болған.