Шымкенттің конкуршылары: «Олимпиадаға барар күн жақын»

207
Шымкенттің конкуршылары ел чемпионатына дайындалуда

Шымкентте конкур спорт түрінің ашылғанына ондаған жылдар  болған. Ол кезден бері бірқатар чемпиондарды да дайындай білген. Алайда, өкініштісі Олимпиадаға жолдама жеңіп алу мүмкін болмай отыр.

Екатерина Орловская «Гордый» сәйгүлігінде кезекті биіктікті өзіне бағындырмақ. Бойжеткен көрсеткішін жақсартып, Әлем кубогі үшін таластың алғашқы кезеңінде топ жаруды мақсат еткен. Сәуір айында Өзбекстанда өтсе, содан кейінгі халықаралық жарыс Бішкекте өз жалауын көтереді. Көктемге дейін сақадай сай болуы керектігін бапкер де жасырмайды.

Екатерина Орловская, ҚР чемпионы: «Алдағы жарысқа дайындалып жатырмыз. Бұл жолы алғашқы үштіктен көріне аламыз деген үміттемін».

Бұл күндері конкур спортының Шымкенттегі шеберлері Қазақстан Чемпионатына да дайындалуда. Ересектер арасындағы жарысқа 3 жерлесіміз жол тартса, тағы алтауы өз жас ерекшелігінде Республикалық жарыстың медалі үшін таласқа түседі. Республикалық турнир ақпай айының соңына қарай Алматыда өтеді.

Бір өкінштісі Олимпиадаға жолдама жеңіп алу мүмкін болмай отыр.

Шалхар Намазов, конкурдан ОҚО аға бапкері: «Жаттығу орнына жөндеу жұмыстары қажет. Жыл сайын уәде етеді. Биыл да жоспарлап отырмыз.»

Десек те жерлестеріміз күннің суық болуына қарамастан жаттығуларын жалғастыруда. Командалық есепте топ жара алмаса да жүлделі болуға үмітіміз бар дейді бапкерлер.