Төлеген Айбергеновтің туғанына биыл -75 жыл

560

Қазақтың бір туар қаламгерлерінің бірі – Төлеген Айбергеновтің туғанына биыл -75 жыл.

Көзі тірісінде ардақталып үлгермеген ақынға бүгінгі толқын құрмет көрсетуде. Абай атындағы қалалық орталық кітапханада өткен «Қыран жырдың, сұлу сырдың ақыны» атты әдеби кештің сәнін жастар келтірді.

Десе де, өмірден ерте өткен тұлғаның жыр кітаптарына деген сұраныстың көңілге қонымсыздығын айтпасқа тағы болмайды. Мұның себебін бірі жастардың кітапқа деген қызығушылығының төмендігінен көрсе, енді бірі Төлеген Айбергеновтың шығармасын түсінуге аса білімділік қажеттігін алға тартуда.