Жириновский Қазақстаннан мұражай үйін ашпақшы

Жақында masa.kz сайтынан қызық ақпарат(авторы – Еркін БЕК)оқыдым.

Біздің сайттың оқырмандарына түсінікті болсын, сол мақаланы сол күйі беріп отырмыз:

«Қазақстанда туып, Қазақстанды жамандаудан танбайтын Владимир Жириновскийді тайраңдатып қойғанымыз дұрыс болмады. Дос Көшім ағамыз Жириновскийдің келуіне тиім салумен еліміздің мемлекеттік органдары айналысуы қажет деп дұрыс айтқан. Енді мына қызыққа қараңыз. Жириновский сатып алайын деп жатыр деген мекен-жайға барып, мән-жаймен толық танысу үшін пәтердің қоңырауын бастым. Шамамен 10 минуттай тұрдым. Үн жоқ. Бір уақытта көршінің есігі ашылды да: «Ол пәтердегілер үйін сатып кетіп қалған» деді. Не деген жылдамдық?! Сатылуы туралы әңгіменің шыққанына көп болмап еді. Үйді Жириновскийден басқа ешкім сатып алмайтынын білсем де, көршіден сұрай салдым. Сөйтсек, Жириновскийден келген адамдар пәтерді сатып алып, үй тұрғындарын басқа жаққа көшіріп жіберіпті. Туған үйін мұражай қылудағы мақсаты, әрине туған жерін сүйгендіктен емес. Өзі туралы жарнаманы жақсарту ғана. Әйтпесе, талай арыстардың үйі мұражай болмақ түгілі, қараусыз тұр ғой. Оның қасында Жириновский кім?! Қазаққа не істеді?!».