13 келі есірткі затын Шымкентке жеткізбек болған қарт ұсталды

263

13 келі есірткі затын Өзбекстаннан Шымкентке жеткізбек болған Сарыағаш ауданының тұрғыны ұсталды. Есірткемен күрес басқармасының қызметкерлері 1950 жылы туылған азаматты Алматы-Ташкент-Термез тас жолында құрықтады. Тасымалдаушы өз қызметі үшін 5 мың доллар алмақ болған.

Есірткі тасымалдаушылар үшін облысымыз тиімді болып тұр. Ес тандырар зат Тәжікстан арқылы Өзбекстанға одан бері Шымкентке, бізден Ресей өтетін магистрал болып табылады. Қыруар қаржыны қалтаға басуды ойланған 62 жастағы зейнеткер Алматы -Ташкент-Термез тас жолында қолға түсті.

«Мазда» көлігінде жолаушы ретінде келген қарияның сөмкесін қарау кезінде 11 пакетке оралған есіртке затына ұқсас зат тәркіленіп алынған. Сот медициналық сараптаманың қортындысына сәйкес, оның 13 килограммды құрайтын, ауғанстанда жасалған ең сапалы есірткі екендігі анықталды.

Данияр МЕИІРХАН, ОҚО ІІД ЕБҚКБ бастығы: «Біздің қызметкерлермен жедел іс-шара жүргізу барысында есірткі тасмалдаушыны ұстадық. Одан тәркіленіп алынған есірткі «ГАШИШ» болып шықты. Ол есірткіні Сарыағаштан Шымкетке алып өту керек еді. Ұсталғанның сөзінше, осы жүкті тисті жерге жеткізгені үшін оған таныстары 5000 АҚШ доллырын береміз деген».

Жүкті жеткізіп, қомақты қаржыға ие болуды көздеген сезіктінің арам ойы жүзеге аспады. Бейнеттің зейнетін көретін жастағы қария енді темір торға тоғытылатын болады. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 259-ы бабы бойынша іс қозғалды.  Тергеу амалдары басталды.