«Агро-Лидер» компаниясы Оңтүстіктің шаруаларына диқаншылықтың қыр-сырын үйретті

«Агро-Лидер» компаниясы Оңтүстіктің шаруаларына диқаншылықтың қыр-сырын үйретті. Сарыағаштағы шаруалармен кездескен компания өкілдігі болашақта Шымкент пен Жетісай және Тараз қалаларынан филиалын ашуды көздеп отыр.

Жерге зиян келтірмей, құнарлылығын тиімді пайдалану. «Лидер агро» компаниясы оңтүстіктің ауылшаруашылық қызметкерлеріне осы тәсілді үйретуді мақсат етті. Италияндық «Велагро» тыңайтқышын жеткізіп беруші ресейлік «Агромастер» өндіруші компаниясының өкілдері мен «Лидер агро» жоғары сұрыпты дәнді-дақылдарды шығарушы мекемесі біздің шаруаларға өнімнің жақсы шығуы үшін қажеттінің барлығын түсіндіруге тырысты.

Жерді тиімді пайдалану үшін сапалы техникалар ғана емес, білімнің де берік болғаны дұрыс. Мұндай мүмкіндікті пайдалануды оңтүстік шаруаларына «лидер агро» компаниясы үйретті.

Ауылшаруашылығының кейбір сырларын тереңінен ұғындыруға компания жетекшілігі осы саланың ғылым кандитатына айналған, «Агромастер» компаниясының белді қызметкері Александр Хорошкинді шақыртқан.

Қазір «Агро Лидер» компаниясы Сарыағаш, Шардара аудандарының шаруаларымен белсенді ынтымақтастық орнатуда. Болашақта аталмыш мекеме өз филиалын Шымкент пен Жетісай және Тараз қалаларында ашпақ жоспарда.