Футбол Суперкубогі «Ордабасының» еншісінде

160
Шымкенттік "Ордабасы" Суперкубок иегерлері

«Астана арена» стадионында өткен биылғы маусымның алғашқы матчы-Суперкубокты сарапқа салған болатын. Ел чемпиондары қарағандылық «Шахтер» шымкенттік «Ордабасымен» таласқа түсті.  Кездесу алдын, букмекерлік орталықтармен жанкүйерлердің басым бөлігі Қазақстан чемпиондары топ жарады деген сенімде болған еді.

Ойын бастала салысымен-ақ шахтерліктар алға ұмтылды. Қақпаға допты бағыттағанда осы команда болды. Алайда Дәурен Тәжімбетовтың  пас беруін тиімді пайдалана білген Қайрат Әшірбеков қарағанды қақпасына доп соқты. Бұл гол матч барысында салынған жалғыз доп болды.

Сөйтіп, Шымкенттіктер  биылғы маусымды сәтті бастап, Суперкубокты жеңіп алды. Кубок иегерлері енді ел чемпионатындағы алғашқы ойынына дайындық үстінде. Атыраулықтармен матч шетел алаңында наурыздың онына өтеді.