«Корона» макарон фабрикасы Наурызда дәмге толы ақ дастархан жайды

587

«Корона» макарон фабрикасы өз дәстүрінен биыл да жаңылмады. Жылдағыдай Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамында короналықтар шымкент тұрғындарына сазды әуен әуелеген мерекелік кеш ұйымдастырып, ұлттық дәмдерімізге толы ақ дастархан жайылды.

Наурыз мерекесіне орай, Корона макарон фабрикасы акция ұйымдастырды. Думанды тойда шымкенттіктер мен оның қонақтары «Корона» шығарған өніммен танысып, ұлтық тағамдарымыздың әзірленуінің құпиясына қанық болды. Ал тәттіге макарон фабрикасы жаңа жоғарғы сорттағы ұннан дайындалған бауырсақ ұсынды.

Наргиз Кенжеева, «Корона» МФ ЖШС өтім бөлімінің бастығы: «Бауырсақсыз қандай мерекелік дастархан бар. Біздің мейрамға бас сұқққандар бауырсақтан ауыз тиеді. Барлық ОҚ-дықтарды Жаңа Жыл Ұлы мерекемен құттықтаймын. Ақ мол болып, отбасыңызда береке болсын».

Короналықтармен Наурызды тойлауға сауда маркісінің тұрақты сатып алушыларымен қатар, ресейлік Татьяна Сергейқызы да келіпті. Ол туған туысына қонаққа келіп, думанды тойға бірақ түскен. Бауырсақты да алғаш рет осында жеп көрген.

Татьяна: «Қандай керемет мереке табиғатта ерекше нұрланып тұр. Барлығыңызды осындай көктемгі мейрамдарыңызбен құттықтаймын. Бауырсақтарыңызды ерекше атап өткім келіп тұр. Құрамы қандай тамаша. Сондықтан, «коронаны» таңдаңыздар дегім келеді».

«Корона» Макарон фабрикасы 30 жылдан бері өнімін тұтынушыға ұсынып келеді. Осы жылдар уақытында түрлі халықаралаық байқаулардыңда жеңімпазы атанған. Ал біздің Шырайлы шым қаламызда «Корона» нәзік жандылардың үйінен табылар бір айрылмас бөлігі болған.