ОҚМФА-да пилоттық оқу бағдарламасы жүзеге асырыла бастады

434

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясының оқу клиникалық-зертханалық орталығында облыстағы барлық дәрігерлердің біліктілігін жоғарылатуға мүмкіндігі бар. Өйткені мұндағы база жақсы жарақталған. Қазір орталықта модульді жүйедегі қысқа мерзімді бір апталық пилоттық оқу бағдарламасын жүзеге асыруға кірісіп кетті.

Тәжірибеден өтіп жатқан медицина қызметкерлері түрлі әдістемені игеру бағдарламасы бойынша дәріс алуда. Кардиология циклына дұрыс диагноз қою, науқасты дер кезінде кешенді диагностикалық зерттеуге жіберу, және де сауатты, тиімді жедел көмек көрсету тәсілдері енгізілген.

Парида ДОСҚАРАЕВА, ОҚМФА оқу клиникалық-зертханалық орталықтың бастығы: «Артериалды гипертензия көбейіп кетті. Ол бұрын үлкен кісілерде кездесетін болса, қазір жасатарда да кездеседі. Артериалды гипертензия ары қарай кризге айналып кетпес үшін, кризге айналған жағдайда қандай көмек көрсету керек, ол ары қарай инсультке айналып кетпес үшін қандай көмек көрсету бағдарламасы құрастырылған. Гипертониялық криз, оған көрсетілетін көмек. Және гемморогиялық ишимиялық инсульттер, оған көрсетілетін көмек және алдын алу шаралары».

Бұл шара фармацевтикалық академияның оқу клинкалық -зертханалық орталығында өтуде. Мұндағы жабдықтар замануи талаптарға сай. Клиникалық жай-күйді айнытпай көрсететін робот-симуляторларда дәрігерлер науқастың сырқатына клиналық талдау және диагноз қоюды үйренуде.

 Әлімқұл ҚАЛТАЕВ, Сарыағаш ауданы  Жамбыл ауылындағы аурухананың дәрігері: «Кафедра жақсы жарақтандырылған-соңғы емдеу тәсілдерімен, жүрек ауруының анықтау тәсілдерімен танысудамын. Ұстаздарымыз жоғары білімді, тәжірибелі. Алған білімімді елге барғанда халық денсаулығын жақсарту үшін қолданамын».

Сәуле АБИТБЕКОВА, облыстық диагностикалық орталықтың функционалды диагностика жөнінен жоғары санаттағы дәрігер: «Алғашқы рет тәжірибеде симулятор роботтарда біз жүректегі шудың симптоматикасын естуге мүмкіндік алдық. Цикл өте қызық құрастырылған. Оны керемет дәрігерлер, медицина ғылымдарының кандидаттары оқуда. Біз келесі жолы- аритмия және жедел жағдайдағы цикл бойынша дәріс оқысақ деген ұсынысымыз бар».

Келесі өткізілетін қысқа мерзімді модульдік бағдарламада педиатрия, неонатология, неврология, кардиология мамандықтары қамтылады. Егерде облыстағы медициналық мекемелерден дәрігерлердің кәсіби біліктілігін жоғарылатуға тапсырыс түссе, біз әрқашан дайынбыз дейді ОҚМФА ұжымы.