Úı Jańalyqtar Шымкенттің көшелеріне 14 500 дана көшет отырғызылады

Шымкенттің көшелеріне 14 500 дана көшет отырғызылады

Биылғы көктемде Шымкенттің 41 көшесіне 14 500 дана қарағаш, үйенкі, шаған көшеттерін отырғызылады. Жоспар осындай. «ЛТД тұрмыс» ЖШС-гінің 90 жұмысшысы тал-дарақтар отырғызылатын орындарды даярлауға кірісті. Бұдан бөлек Бәйдібек би және Қонаев даңғылы бойына 625 дана шырша егіледі.

Жасыл желек жылдағыдай Қазығұрт ауданындағы арнайы саяжайдан жеткізілетін болады. Сондай-ақ биылғы жылы қала көшелеріне бір және көпжылдық гүлдерді де отырғызу жоспарланып отыр.