Шымкенттің кикбоксшылары тағыда ерледі

185
Шымкенттің кикбоксшылары ерледі

Шымкенттің кикбоксшылары Қазақстан чемпионатынан оралды. Семейде өткен республикалық жарыстан жерлестеріміз екі алтын медаль алып келді. Олар Бабуржан Артықбаевпен Нұркен Төлегенов. Ал тағы 5 кикбоксшы жүлделі болды. Командалық есепте шымкенттіктер үшінші орынды қанағат етті. Бұл жарыс Әлем кубогі үшін тартысқа іріктеу болатын. Байрақты дода Венгрияда өтеді.

Естеріңізде болса, Шымкенттің жас кикбоксшылары да ептілік танытып, Қазақстанның чемпионы атанған болатын. Ал Бабуржан Артықбаев болса кәсіби рингте Азиялық спортшылардан басым екенін дәлелдей біліп, арнайы белбеуге де ие болған еді. Енді, жерлестеріміз оқушылар арасындағы республикалық спартакиада да топ жаруды жоспарлап отыр.